• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Тамыз, 2021

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жекке қашан шығатынын айтты

443 рет
көрсетілді

Орта салмақтағы Қазақстан чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) instagram парақшасында рингке қай уақытта шығатыны туралы айтты, деп жазады Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

 

«Құрметті жанкүйерлер! Команда демалыста екенін білесіздер. Демалыс елде сәтті өтіп жатыр. Бұйыртса жыл соңына дейін 1 жекпе-жек өткіземіз. Келіссөздер басталып кетті!», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе -жегін 26 маусымда Лас -Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізді.  28 жастағы қазақстандық сегізінші раундтың соңында жекпе-жекті жалғастыруды бас тартқан американдық Роб Брунтты (26-3, 18 КО) мерзімінен бұрын жеңді.