• RUB:
    4.97
  • USD:
    497.26
  • EUR:
    525.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Тамыз, 2021

Қостанайда екі жұмысшы уланып қалды

267 рет
көрсетілді

Қостанайда улы бумен уланған екі қызметкер техникалық құдықтан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан хабарлағандай, 16 тамызда сағат 22:41-де Қостанай облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне төтенше оқиғаның куәгері болған азаматтан қоңырау түскен.

«Қостанайдың сауда кәсіпорындарының бірінің ашық аумағында 1990 және 1991 жылдары туған екі жұмысшы ес-түссіз күйде кәріз тазарту құдығынан табылды. Септикті тазартуға тырысқан кезде зардап шеккендер улы түтіннің құрбаны болды», деп түсіндірді ТЖД.

8 минуттан кейін, сағат 22:49-да құтқарушылар оқиға орнына барлық жабдықтармен келіп, тыныс алу аппараттарын киіп, қауіпсіздік арқанының көмегімен құдыққа түсті. Екі-үш метр тереңдіктен екі ер адам шығарылды.

«Аммиак пен күкіртсутекпен уланғаннан кейінгі жағдай өте ауыр болды. Олардың біріне құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті, содан кейін екеуі де дәрігерлердің бақылауына берілді. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханада жатыр, жағдайлары қанағаттанарлық», деді ведомствода.