• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Тамыз, 2021

Алимент төлемеген 29 азамат қамауға алынды

184 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында алимент төлмегендерге заңды жаза тағайындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО әділет департаментінің бөлім басшысы Ақлима Бекенованың айтуынша, өңірде былтыр алимент төлеуден қашып жүрген борышкерлердің саны 771 болса, биыл 243 адамға дейін азайған. Сәйкесінше азаматтардың берешегі 1 млрд теңгеден 400 млн теңгеге дейін кеміген.

Заң аясында 73 борышкер уақытша жүргізуші куәлігінен айырылып, 68 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 29-ы қамауға алынса, 39-ына айыппұл салынды.

149 адамның ісі қылмыстық іс қозғау үшін ішкі істер органдарына жіберілді. Алайда оның 45-і ғана Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 16 қылмыстық іс тараптардың мәмілеге келуіне байланысты тоқтатылса, 3 борышкер сотталды.

Ал жұмыссыз жүргендердің балаларына алимент төлеуге мүмкіндігі болуы үшін сот орындаушыларының өңірлік палатасы қалалық және аудандық жұмыспен қамту бөлімдерімен бірге «Бос орындар жәрмеңкесін» тоқсан сайын өткізіп тұрады. Оған 23 борышкер қатысып, 6-уы жұмысқа орналасты.