• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Тамыз, 2021

Атырауда бөтеннің көлігін мініп кеткен мас адам ұсталды

365 рет
көрсетілді

Атырау қаласында ішімдікке масайған ер адам бөтеннің көлігін айдап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мас ер адам түн жарымда белгісіз біреудің ауласында тұрған «Toyota Ipsum» автокөлігін заңсыз айдап кеткен.

«Атырау қаласының 48 жастағы тұрғыны көлігінің ұрланғанын келесі күні біліп, полиция бөлімшесіне келіп, арыз жазды. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, 3 сағаттың ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні іздеп тапты. Мас күйде болған 34 жастағы тұрғын заңсыз әрекетке барғанын мойындады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автокөлікті заңсыз айдап кету) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бөтеннің көлігін ұрлаған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.