• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Тамыз, 2021

Талдықорғанда жаңа спорт кешенінің құрлысы басталды

232 рет
көрсетілді

Талдықорғанда қысқы спорт түрлеріне арналған спорт кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 

Жеке меншік ипелерінің қаржысына салынып жатқан нысанда спортшылар шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трэк сияқты спорт түрлерімен айналысатын болады.

Жалпы Алматы облысында 3700-ден астам әр түрлі спорт нысаны халыққа қызмет көрсетуде. Өңір тұрғындарының 32 пайызы бұқаралық спортқа жұмылдырылған. Соңғы үш жылда 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Тағы төрт кешеннің құрылысы жүріп жатыр. 10 мың балаға қалаған спорт түрімен айналысуына жағдай жасалып, 1 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр.  Биыл Жетісу өңірінің спорт саласын дамытуға 21,5 млрд теңге қаржы бөлінген.