• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 18 Тамыз, 2021

Премьер-Министр өңірлерге жем-шөп жеткізу жағдайын бақылауға алуды тапсырды

438 рет
көрсетілді

Үкіметтің кезекті отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге еліміздің батысы мен оңтүстігіндегі өңірлерді жем-шөп мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы жаз маусымы ерекше құрғақ болды, соның салдарынан еліміздің батысы мен оңтүстігінде бірқатар өңірлер зардап шекті. Құрғақшылықтың салдарын жою үшін жедел шаралар қабылданды. Зардап шеккен өңірлерді жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін жергілікті және орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде. Жем-шөп сатып алу үшін Үкімет резервінен Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 3,6 миллиард теңге бөлінді, жем-шөп дайындауға қосымша 43,1 мың тонна арзан дизель отыны бөлінді. Солтүстік өңірлерден жем-шөп жеткізілді. Батыс өңірлерді жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесіне волонтерлер де кірісті», деді А. Мамин Үкімет отырысында.

Оның айтуныша, республикадан жем-шөп шығаруға және жемдік астық экспортына квота беруге уақытша тыйым салынды. Қабылданған шаралардың арқасында жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесі жалпы тұрақтанды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, жағдайды ерекше бақылауда ұстауы қажет», деді Үкімет басшысы.