Үкімет отырысында Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді, деп жазады Egemen.kz.
Жоспарға сәйкес, денсаулық сақтау мен білім беру жүйесінде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту үшін заманауи инфрақұрылым құрылады.
«Облыстық көпбейінді аурухананы пайдалануға берумен қатар, өңірде балалар гематологиясының онкологиялық орталығы салынады, сондай-ақ кемінде 25 денсаулық сақтау объектісі күрделі жөндеуден өтіп, жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жабдықталады», деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.
Сонымен қатар өңірде 49 мектеп пен Ақтөбе қаласындағы колледж студенттеріне арналған 3 жатақхана салу жоспарда бар.