Елордада 100-ге жуық КВИ-ге қарсы егу пункті бар, вакцинаның үш түрі қолжетімді, деп жазады Egemen.kz қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қала тұрғындары қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармкомплексінің Vero Cell және ресейлік «Спутник V» вакциналарын ала алады.
Елордада бүгінде таңғы 8-ден кешкі 10-ға дейін жұмыс істейтін 100-ге жуық егу пункті бар. Халықты коронавирусқа қарсы егу қаланың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында және сауда үйлерінде жүргізіледі. Олардың қатарында «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа», «Еуразия» сауда ойын-сауық орталықтары мен «Мечта» сауда үйі бар.
Егу пункттерінде барлық вакцина жеткілікті мөлшерде бар.
Сонымен қатар елордалық денсаулық сақтау басқармасы азаматтарға екпенің екі кезеңін де бір пункте өтуге кеңес берді.