• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Өнер 18 Тамыз, 2021

Көкшетауда аймақтық театр фестивалі өтеді

370 рет
көрсетілді

17-20 қыркүйек аралығында Көкшетауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған III аймақтық театр фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап

Шара Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының 25 жылдығы және «Көкшетау - Қазақстанның мәдени астанасы» іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылады.

Мерекеге Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Петропавлдағы облыстық қазақ театрлары қатысады.

«Биыл Көкшетау Қазақстанның мәдени астанасы болып жарияланды. Жыл бойы мәдениет және өнер ұйымдары еліміздің барлық өңірінен Көкшетауға келіп, өз жетістігін насихаттайды, түрлі конкурсқа қатысады, көрме, концерт ұйымдастырады. Бұл үрдісті жалғастыра отырып, қыркүйек айында облыс орталығында аймақтық театрлардың фестивалі өтеді, ол сөзсіз өнердің нағыз мерекесіне айналады», деп атап өтті облыстық ведомствоның басшысы Айгүл Сәбитова.

Театр фестивалі облыстық қазақ музыкалық драма театрында өтеді.