Қырғыз тарапының бастамасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Egemen.kz.
Р.Казакбаев Ауғанстаннан 14 қырғыз азаматын, соның ішінде олардың дипломаттарын қайтаруға бауырлас көмек көрсеткені үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және ҚР Үкіметіне алғысын білдірді.
Айта кетейік, бүгін Алматыға Ауғанстаннан 42 азамат эвакуацияланды. Оның ішінде 14 Қырғызстан азаматы бар.