• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Тамыз, 2021

Гаитидегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2189-ға жетті

171 рет
көрсетілді

Гаитиде 14 тамызда болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 2189-ға жетті, 12 мыңнан астам адам жарақат алды. Бұл туралы сәрсенбіде республиканың азаматтық қорғау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Оңтүстік департаментте - 1832 адам, Гранд Анс бөлімінде - 218, Нипп бөлімінде 137 және солтүстік-батыс бөлімінде екі адам қайтыс болды. Сондай-ақ 12 268 жаралы тіркелді.

Өңірдегі 100 мыңнан астам ғимарат толығымен немесе ішінара қирады, қазіргі уақытта құтқарушылар үйінді астынан адамдарды іздеп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 14 тамыз күні таңертең Гаити аймағында магнитудасы 7,2 болатын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 125 мың адам тұратын Ле-Ке коммунасынан 40 км қашықтықта орналасқан. Оңтүстік, Гранд Анс және Нипп департаменттері қатты зардап шекті.

Үкімет бір айға төтенше жағдай енгізді.

Дүйсенбіге қараған түні Гаитидегі жойқын жер сілкінісінен кейін Грейс тропикалық дауылы соқты. Бұл зардап шеккендерге көмек көрсетуді және тірі қалғандарды іздеуді одан әрі қиындатты.