Жедел қызметкерлер күдіктілерді кезекті ұрлығынан кейін бірден ұстады. Криминалдық полицияның мәліметінше, әшкереленген күдіктілер негізінен шаһардың орталық бөлігінде жүрген, деп жазады Egemen.kz.
«Бұл топтың құрамына Алматы мен Түркістан облыстарының 32 жастан 36 жас аралығындағы төрт ер адам кіреді. Қаскөйлер кілтті таңдау арқылы Ақбұлақ ықшам ауданында орналасқан үйлердің біріне кіріп, жалпы құны 500 мың теңгеден асатын мүлкін ұрлап кеткен. Ұрланған заттарды, тауарды және ақшаны тергеу-жедел тобы тәркіледі және ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді Алматы қалалық ПД Криминалдық Полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Өкілетті орган күдіктілердің Алмалы және Бостандық аудандарында осыған ұқсас тағы үш ұрлыққа қатысы бар екенін дәлелдеді.