• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Елорда 20 Тамыз, 2021

Вакцина паспортын қолдан жасаған ер адам ұсталды

572 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары вакцина паспортын қолдан жасап, сатты деген күдікпен ер адамды ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, полицейлер назарына кез келген үлгідегі құжат дайындауды уәде еткен жас ер адам түскен. Ол қала тұрғындарына алдын ала төлем алып, вакцина паспортын 20 күн ішінде дайындап беруді ұсынған.

«Ер адам жұмыс орнының жанында 50 мың теңге көлеміндегі ақшаны алу үстінде ұсталды. Күдікті 28 жаста. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Вакцина паспортын сатып алмақ болған азаматтардың саны анықталып жатыр», деп жазылған хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды заңға қайшы кез келген әрекет үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді.