• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Тамыз, 2021

Алматы мен Ауғанстан арасында әуе рейсі ашылуы мүмкін

113 рет
көрсетілді

БҰҰ Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының арнайы өкілі және басшысы Дебора Лайонс миссия қызметкерлері екі ел арасында әуе рейсін ашу туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз Алматыдан Ауғанстанға тікелей рейс жасау үшін келісімшарт жасай аламыз. Бірақ қазір бұл мүмкін емес. Дегенмен, халықаралық қызметкерлеріміз Ауғанстанға ұшып, бір-бірін ауыстырып отыруы үшін алдағы айларда осындай дәліз құра аламыз деп үміттенеміз. Бұл бізге Ауғанстандағы жұмысымызды жалғастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, қызметкерлерді алмастырып отырар едік», деді Дебора Лионс орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

БҰҰ өкілі бұл мәселе жуық арада біржақты шешілуі мүмкін деген ой айтты.