Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқыға салған кездесу иелері Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған басым бағыттарды алға тарта келіп, Қазақстанның даму болашағын сөз етті.
Мәжіліс Төрағасының атап өткеніндей, Қазақстан парламентшілерінің алдында инновациялық индустрияландыруды одан әрі ілгерілету, агроөнеркәсіптік кешенді, инфрақұрылымдарды дамыту, қазақстандықтарды әлеуметтік қорғауды жақсарту, шағын және орта бизнес пен мемлекеттік институттар жұмыстарын одан әрі өрістету үшін заңнамалық тетікті жетілдіру мәселелеріне арналған аса ауқымды міндеттер тұр.
Өз кезегінде Джон Ордвей Елбасы Жолдауының Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер көкжиегін кеңейтетінін баса айта келіп, біздің еліміздің жоғары даму қарқынына тоқталды.
Қазақстанның сыртқы саяси қызметі, атап айтар болсақ, біздің еліміздің Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысу жайы да назардан тыс қалмады.
Мәжіліс спикері Қазақстан заңнамашыларының, әсіресе, салалық комитеттер және Мәжіліс пен АҚШ Конгресінің ынтымақтастық жөніндегі топтары арқылы қос ел арасындағы парламенттік байланысты дамытуға айрықша назар аударатынын атап өтті.
Нұрлан Нығматулин мен Джон Ордвей алдағы уақытта да өзара табысты ықпалдастықты ілгерілетуде Қазақстан мен АҚШ әлеуетінің зор екендігін атап өтті.