• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Тамыз, 2021

Кейбір өңірде демалыс күнгі локдаун жойылуы мүмкін

921 рет
көрсетілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Демалыс күнгі локдаун мәселесі бойынша бізге «Атамекен» Ұлттық Палатасы жүгінді. Егер жағдай түзелсе, келесі аптадан бастап сенбі күндері локдаунды алып тастауды жоспарлап отырмыз», деді Денсаулық сақтау министрі ОКҚ брифингінде.

Ол республика бойынша ең жоғары аурушаңдық Алматы қаласында екенін айтты. Сондықтан онда қатаң карантиндік шектеулер қабылданды.

«Біз азаматтардың өмір таразысында тұрмыз. Халық денсаулығына егжей-тегжейлі қарай алмаймыз. Қолайлы мүмкіндік болған кезде жеңілдіктер жасап, кәсіпкерлерге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін боламыз», деп толықтырды министр.