• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Тамыз, 2021

Ауғанстанның бұрынғы СІМ басшысы елге оралады

337 рет
көрсетілді

Бұрынғы Ауғанстан Үкіметінің сыртқы істер министрі Мохаммад Ханиф Атмар елге оралады. Бұл туралы жексенбі, 22 тамызда Катар телеарнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тәлібтер елдің бұрынғы сыртқы саясат ведомствосының басшысымен байланысқа шығып, әңгіме барысында Атмар елге оралуға ниетті екенін мәлімдеді. Қозғалыс өкілі содырлар Ауғанстан билігінің кейбір бұрынғы шенеуніктерімен өкілді үкіметті құру мақсатында олардың елге оралуы туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.

17 тамызда «Талибан» бұрынғы үкімет шенеуніктеріне жалпы рақымшылық жариялап, оларды мемлекеттік мекемелерде жұмысын қайта бастауға шақырды. Сонымен бірге, Ауғанстанның бұрынғы билігінің кейбір жоғары лауазымды өкілдерін Талибан жақтастары ұстағаны белгілі болды.

15 Тамызда Талибан Ауғанстан толығымен олардың бақылауында екенін мәлімдеді. Бұл Кабулды басып алғаннан кейін болды. Содырлар бірнеше апта ішінде елдің көп бөлігін және барлық ірі қалаларды бағындырды.

Сол күні ел президенті Ашраф Ғани Ауғанстаннан кетіп, мемлекет басшылығы Уақытша Кеңеске өтті. Ол билікті «Талибанға» беруге мәжбүр болады.