• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Тамыз, 2021

Әлем чемпионатында Димаш Құдайбергеннің әні шырқалды

280 рет
көрсетілді

Француз мәнерлеп сырғанаушысы Ян Воклен Димаш Құдайбергеннің әнімен жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан әлемдік Гран-при кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Мәнерлеп сырғанаушының видеосын Димаштың әкесі Қанат Айтбаев жариялады.

«Француз Куршавелі. Жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңі. Француз мәнерлеп сырғанаушысы Ян Воклен Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Qairan elim» әнімен өнер көрсетті, деп жазды ол Instagram-да.

Еркін бағдарламаның қорытындысы бойынша 17 жастағы Воклен 112,57 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.

Мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясы - Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік конькимен жүгірушілер арасындағы жыл сайынғы коммерциялық турнирлер кешені.