• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Тамыз, 2021

БҰҰ Ауғанстаннан 120 қызметкерін эвакуациялады

177 рет
көрсетілді

БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик таратқан мәлімет бойынша, жексенбі күні БҰҰ өзінің 120 қызметкері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін Ауғанстаннан Қазақстанға эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ТАСС агенттігі мәлімдеді.

«БҰҰ 22 тамыз күні Ауғанстанның астанасынан 120 адамды Алматыға жеткізді, бұл соңғы аптадағы осындай екінші әуе рейсі. Жолаушылар қатарында БҰҰ қызметкерлері мен Ауғанстандағы БҰҰ-ның әріптестері саналатын бірнеше үкіметтік емес ұйым мүшелері бар», делінген хабарламада.

Өткен аптада БҰҰ-ның жүзге жуық қызметкері Кабулдан Алматыға қашықтан жұмыс істеуді жалғастыру үшін жеткізілді. «Талибан» радикалды қозғалысының шешуші шабуылының алдында Ауғанстандағы БҰҰ-ның түрлі миссиясында жергілікті халық арасынан 3 мың адам және 700-ден астам шетелдік жұмыс істеген.

«Талибан» радикалды қозғалысының жауынгерлері 15 тамыз күні шайқассыз Кабулға кіріп, бірнеше сағаттың ішінде ауған астанасында толық билігін орнатты.