Рудный қаласының полиция қызметкерлері балконнан оқ жаудырған адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желілерге тарап кетті.
Қостанай облысы ПД хабарлауынша, оқиға рудный қаласында болған. 22 тамызда, сағат 17:30 шамасында 32 жастағы ер адам екінші қабаттағы пәтер балконынан пневматикалық тапаншамен қараусыз жүрген жылқыларды атқан. Күдікті ұсталған кезде ішімдікке мас болған.
Нәтижесінде пневматикалық тапанша алынды. Жылқылардың иесін анықтау шаралары жүріп жатыр.
Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.