• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Тамыз, 2021

Ресейден келген көліктерге іздеу салады – ІІМ

1025 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі көлік ұрыларының жұмыс істеу схемасын түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.

«Қазіргі кезде ең кең тараған схема - лизинг, несие және автокөлікті жалға алу. Мысалы, олар көлікті Ресейден лизингке немесе несиеге алады. Бірінші айын төлеген соң көлікті Қазақстанға әкеліп, біздің республика азаматтарына сатып жібереді. Кейін лизингтік компания төлем жасалмаған соң көлікке іздеу салады. Жалға алынған көліктер де осындай сызбамен сатылып жатыр», деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов. 

Спикер, сонымен қатар, 16-22 тамызда Ішкі істер министрлігінің «Автомобиль» ауқымды жаттығуын өткізгенін айтты.

4,6 мың полиция қызметкері 4,6 мың қызмет көрсету станциясын, жеке автокөлік жөндеу, гараж кооперативтері мен автотұрақтарды тексеріп, 95 автокөлік ұрлығын анықтады. Олар сондай-ақ 1756 автокөлік бөлшектерін сату нүктесін тексеріп,16 ұрланған сайман тапты.

Нәтижесінде 110 автокөлік ұрлықшысы, оның ішінде 7 қылмыстық топ қылмыстық жауапкершілікке тартылды,