«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығы Отбасы күніне орай өткізілетін республикалық видеороликтердің онлайн конкурсы жөнінде айтты. Қазақстанда биыл аталмыш мереке қыркүйектің 12-де аталып өтетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бейнеоликтердің онлайн конкурсы екі бағыт бойынша ұйымдастырылатын болады: отбасы құндылықтарына байланысты «Отбасы құндылықтарының сандықшасы» және балаларға арналған ертегілер бойынша «Ертегілер әлемі». Әр бағыт бойынша жеңімпаздарға арналған жүлде қоры 100 мың теңгені құрайды. Конкурс тамыз айының 9 мен қыркүйек айының 9 аралығында өткізіледі.
Конкурсқа қатысушылар 1-3 минуттық бейнероликте өз отбасының құндылықтары мен дәстүрі жөнінде немесе балаларға арналған ертегі түріндегі қысқа бейнеөнім ұсына алады.
Барлық бейнеөнімдер ресми сайт пен ҚҚДИ-дің барлық әлеуметтік желілерінде, яғни арнайы Instagram және Facebook желілерінде ашылған @kiorotbasy2021 парақшаларында #kiorotbasy2021 #киорсемья2021 хештегтерімен орналастырылады. Онлайн конкурстың жеңімпаздары Instagram желісіндегі орналастырылған видеоның астындағы жиналған лайк санымен онлайын дауыс беру арқылы анықталады.
Видеороликтер конкурсының қорытындысы 2021 жылдың 10 қыркүйегінде белгілі болады.