Еңбек сіңірген қазақстандық жаттықтырушы Жұмабек Өмірзақов Lifesport KZ Youtube-арнасына берген сұхбатында боксшы Закир Сафиуллиннің Токио Олимпиадасында көрсеткен жат қылығына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Олимпиада ойындарында спортшыға тән емес мінез-құлық көрсету артық болды. Бұдан біздің басқа да боксшыларымыз, тіпті бокс федерациясы да зардап шегуі мүмкін. Олимпиада комитеті бұл мәселе жөнінде тиісті қорытынды жасайды деп ойлаймын. Олай жасауға болмайды. Ұтылып бара жатсаң, дұрыс ұтыла білу керек», дейді Өмірзақов.
Еске сала кетсек, Закир Сафиуллин 2020 жылғы Олимпиаданың ширек финалында төрешілердің жеке шешімімен австралиялық Харри Гарсайдтан 2:3 есебімен жеңіліп, медальсыз қалды. Қазақстандықтың Олимпиада төрешілеріне берген жауабының видеосы Instagram-да жарияланды.