• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Тамыз, 2021

Еліміздің 9 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

934 рет
көрсетілді

Республиканың тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 25 тамызда Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен шығысында 15-20 м/с жел соғады.

Ақтөбе облысында 37 градус қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының оңтүстік-шығысында найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 36 градус ыстық сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Шығыстан соққан жел, күн күркіреген кезде екпіні 15-20 м/с. күндіз басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде және батысында төтенше өрт қаупі ескертіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады.

25 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Шығыс жел күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с, күндіз 25 тамызда 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.