Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданына қарасты Тоқтамыс ауылы маңынан осыдан 4 мың жыл бұрынғы ескерткіштерді тапты. Қазба жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ астындағы тас қабырғалардан жылқы мен аңдардың суреттері шыққан.
Отандық ғалымдар көне құрылыстың ішінен табылған адам мен жануарлардың сүйектерін жапондық әріптестерімен бірлесе зерттей келе, ескерткіш осыдан 3 856 жыл бұрын тұрғызылған деп отыр.
ЕҰУ археология және этнология кафедрасының меңгерушісі Ұлан Үмітқалиев:
– Тоқтамыс ауылындағы қазба жұмыстар жеті жыл бұрын басталған, соңғы екі жылдан бері зерттеліп келеді. Ерте қола дәуіріне тиесілі бұл ескерткіштердің құрылысына, біздің пайымдауымызша, 10 мың тонна тас пайдаланылған, – дейді.
«Егемен-ақпарат»