Венгрияның Сыртқы істер министрі Петер Сийярто 2022 жылдан бастап елде Sputnik V вакцинасын шығару жоспарланғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
«Sputnik V вакцинасы болмаса, біз Еуропа Одағындағы ең сәтті вакцинациялау науқанын жүргізе алмас едік, сондықтан біз Ресей үкіметіне, әсіресе Сыртқы істер министріне көмегі үшін алғыс айтамыз. Вакцина шығаратын цехті Дебрецен қаласында салуды жоспарлап отырмыз. 2022 жылдың соңына қарай Ресей лицензиясымен вакцина шығаруға болады», деді Петер Сийярто.
Сыртқы істер министрі вакцинаны шетел нарығына да жеткізу қарастырылып отырғанын айтты.