Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бұған дейін Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Мемлекет басшысының өкімімен ол қызметінен босатылды.