• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 25 Тамыз, 2021

Конференция лигасы: «Қайрат» – «Фола» матчы көрерменсіз өтеді

381 рет
көрсетілді

Конференция лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысындағы «Қайрат» - «Фола» (Люксембург) матчы көрерменсіз өтетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Матч санитарлық нормаларды сақтау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес көрерменсіз өтеді. Матчты клубтың YouTube-тегі ресми арнасы көрсетеді», делінген клуб хабарламасында.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Фола» матчы 26 тамызда Алматы уақытымен 20:00-де басталады.