Қарағанды облысында жалпы аумағы 3 мың гектер жерді шарпыған өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл жолы Абай ауданындағы Ақбастау ауылының маңайы жанып кетті. Жайылымдық жерлер, шабындықтар, кейбірінің тіпті шауып қойған шөбі күлге айналды. Желдің жылдамдығынан тілсіз жау елді мекеннің іргесіне жетіп, ауаны түтін басқан. Қызыл жалыннан зардап шеккен адамдар жоқ.