• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Тамыз, 2021

Елордада есірткі өткізу арнасының жолы кесілді

280 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында елорда аумағында есірткі өткізумен айналысатын күдіктіні ұстау бойынша арнайы операция өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысының Жалтыркөл кентіндегі тұрғын үйді тінту барысында мал қорадан салмағы 19 килограмнан асатын «марихуана» есірткі заты салынған полиэтилен пакеті табылды.

Елордалық департаменттің полицейлері хабарлағандай, ұсталған адам тәркіленген есірткіні елорда аумағында өткізуге ниеттенген. Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 19,3 килограмм есірткі тәркіленді.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде Астана аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар қылмыстық тізбектің басқа да сыбайластарын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.