• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2014

Ең ірі репродуктор ферма ашылды

408 рет
көрсетілді

Хромтау ауданының Қопа ауылында еліміздегі ең ірі мал шаруашылығы кешені – жобалық қуаттылығы 6 500 асыл тұқымды ірі қара ұсталатын репродуктор ферма пайдалануға берілді. Ет экспортының әлеуетін арттыратын бірегей бұл жобаны «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы қаржыландырды, «Молочные истории» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырды. Кешенді салуға 1,5 млрд. теңге жұмсалған. Ферма кешенінде мал бағуға арналған бірнеше қоралар, сиыр бұзаулайтын, төл күтетін орындар бар. Негізінен мал ашық аулада ұсталады, қатты аяз, өкпек жел болғанда ғана кіреді қораларға. Су құбырмен келіп тұр. Мұнымен бірге, әкімшілік-шаруашылық корпусы, малшылар тұратын үйлер салынып, жеке су тартқыш және электр жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Шаруашылықтың жайылымымен алғандағы жалпы ауданы 34 мың гектарды құрайды. Бүгінгі күні шаруашылық кешенінде 2 500 шетелден әкелінген абердин-ангус асыл тұқымды ірі қара малы тұр.

Ауылдың іргесіне, оқшау жерге орналасқан шаруашылық кешені сыртынан қарағанда шағын қалашық сияқты. Үлкен мал шаруашылығы өндірісі болғандықтан кешенге кіріп-шығуға арнайы рұқсат керек, малдәрігерлік талаптарды қатаң сақтауға назар аударылған.

«Молочные истории» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы «Актеп» ЖШС-нің бас директоры Нұрлан Сағыналин мал шаруашылығы кешенінің жағдайымен қысқаша таныстырып өтті. Бұл кешенде еттік бағыттағы мал бағылатын болады. Әзірге кешеннің 3200 ірі қараға арналған бірінші кезегі ашылып отыр екен. Мұнда алғашқы мал өткен жазда Америкадан әкелінген. Қалған 4 мың асыл тұқымды ірі қара алдағы көктемде Австралиядан жеткізілмек. Осы жерде жылына 5 мың асыл тұқымды бұзау алынып, облысқа таратылатын болады. Тайөгіз бордақыланып етке өткізілмек, ұрғашы бұзау шаруа қожалықтарына сатылады. Сол арқылы өңірдегі ірі қараның сапалық құрамы жақсарып, өнімділігін арттыру көзделуде. Облыстық әкімдік кешенге жайылымдық жер бөлген. Алайда, ол жерлерде су көзі жоқ екен. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен бұл мәселе де шешіліп, желдің күшін пайдаланатын сутартқыштар орнатылмақ. Су алатын 24 ұңғыны бұрғылау жақында басталмақ. Жайылымда да су мәселесі толық шешіледі. Бұл кешен ет кластерін құрайды. Оған құрама жем зауыты, ет комбинаты, бордақылау кешені және осы репродуктор кіреді. Ет комбинаты биылғы жылы салынады деп күтілуде. Мал бордақылау кешені қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр.

Осы фермада 70-тен астам адам еңбек етеді. Бұл жұмысшылар негізінен фермаға жақын орналасқан Қопа ауылының тұрғындары. Бұған дейін екі қолға бір күрек таба алмаған ауылдықтардың көңілі көтеріңкі. Атакәсіптеріне қайта оралған ауылдықтар ферманың болашағынан көп үміт күтеді. Құрылтайшылардың жұмысшыларға еңбек етуге жасаған жағдайын, сатып алынған су жаңа техникаларды көріп, бұл ферманың жұмысы табысты болатынына сенімді бола түсесің. Жұмысшылар үшін асхана да жұмыс істейді. Демалатын орын да бар.

Елбасының тапсырмасының бірі – ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында, ірі қара малының ет кластерін құру бойынша осы репродуктор ферма жобасының құрылтайшысы Алға ауданындағы «Актеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінде инвестициялық жобаның бірінші кезеңі іске асырылуда. Бұл аталған жоба облыс халқын ірі қара мал етімен қамтамасыз етуге, ет өнімінің экспорттық әлеуетін арттыруға және аумақты жоғары өнім беретін асыл тұқымды ірі қара малымен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жерде қазақтың ақбас, әулиекөл сынды жергілікті мал тұқымдарын өсіруге де ерекше көңіл бөлінуде, 10 мың ірі қараны бордақылауға арналған алаңның құрылысы аяқталды. Мұнда қазірдің өзінде мал бордақылануда. Қуаттылығы 20 мың тонна құрайтын құрама жем зауыты салынды. Енді «Молочные истории» ЖШС-нің репродуктор фермасы толық қуатына шыққанда мал бордақылау алаңында да жұмыс көлемі арта түспек.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар