• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 25 Тамыз, 2021

Вакцина паспортын сатып алғандар екпе салдыра ала ма?

312 рет
көрсетілді

Бұл сұраққа Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметініде жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Біз рақымшылық енгіздік және қателік жібергендерді қылмыстық жауапкершілікке тартпаймыз. Паспортты сатып алғандар вакцинациялау орталығына барып, мойындап, екпе алуы керек. Ең бастысы, олар қателескендерін түсінді. Вакцинация барлығы үшін ақысыз. Біздің міндет адамдарды жазалау емес. Сатып алғандар әрекетінің себебін түсіндіруі керек», деді Жандарбек Бекшин.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева дәрігерлердің рақымшылық жасау туралы бастаманы қолдайтынын айтты.

«Қанша азамат вакцина төлқұжатын сатып алғанын білмейміз. Біз рақымшылық жасау идеясын қолдаймыз. Науқасты емдегеннен, оған вакцина салған дұрыс», деді ол.