• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Тамыз, 2021

Ауыл әкімдері біліктілігін арттыру курсынан өтеді

259 рет
көрсетілді

Биыл елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп, өңірлердің 730 ауыл әкімі сайланды. Жыл соңына жаңа сайланған әкімдер өз біліктіліктерін арттыратын курстардан өтетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары Миржан Иманбаев айтты.

«Биыл шілдеде елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Нәтижесінде барлық өңір бойынша 730 ауыл әкімі сайланды. Бүгінде олар өз қызметіне кірісіп кетті. Олардың арасында мемлекеттік қызметте бұрыннан еңбек етіп келе жатқандармен қатар, тәжірибесі аз мамандар да баршылық. Осы орайда жаңа сайланған ауыл әкімдері 3 апталық біліктілігін арттыру курсынан өтеді. Оны ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырады. Онда жаңа әкімдерді мемлекеттік сатып алу, бюджет, кіріс пен шығысты дұрыс есептеуге үйретеді. Одан бөлек, халықпен қарым-қатынас яғни көпшілікпен жұмыс істей білуді үйренеді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкер білуі тиіс заңдарды тыңдап шығады», деді Миржан Иманбаев.

Ауыл әкімдерінің курсы жылдың соңына дейін онлайн форматта өткізіледі.