• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Тамыз, 2021

Мүгедектігі бар балаларға көмек

210 рет
көрсетілді

«Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын іске асыру аясында Қызылорда облысының Әйтеке би және Жалағаш аудандарында мүгедектігі бар балаларды әлеуметтендіру және өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған жобаларды іске асыру басталды.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз хатшысы Сәкен Құбышевтың айтуынша, бұл өңірдегі тоғыз жобаның екеуі – шағын гранттар байқауының жеңімпаздары. Олар ауылда бастамаларды іске асыруға және дамытуға 500 мың теңге алды. Сараптама комис­сиясы 433 өтінімнің ішінен конкурс шарттарына сай келетін үздік 60 жобаны іріктеп алды.

Қазалы ауданы, Әйтеке би ауылындағы «Шапағат» қоғам­дық бірлестігі осы ұйымда тәр­биеленіп жатқан мүгедек балаларды сенсорлық интеграциялауды ұсынды. Олармен тәулік бойы үш топ жұмыс істейді – ЕДШ мамандары, невропатолог, психолог, дефектолог және логопед. ҮЕҰ басшысы Шынаркөл Жеңсікбаеваның айтуынша, конкурста жеңіп алған 500 мың теңге сенсорлық жабдықты сатып алуға жұмсалды:

«Біз 90 адамды қамтуды жос­­парлап отырмыз. Бұл – 3 жас­тан 18 жасқа дейінгі балалар және олардың ата-аналары», дейді ол.

Жалағаш ауданының Жаңа­талап ауылында тұратын бас­тамашыл топтың белсендісі Жанарыс Түбекбаев ауыл жас­тары­ның қаржылық сауат­ты­лығы туралы ой қозғады. Ол гранттық қаражатты бейне са­бақ­тарды түсіру және оларды www.kbh-finance.kz сайтында орналастыру жұмыстарын әзір­леуге жұмсаймыз деп шеш­­кенін, сондай-ақ барлық ат­қары­ла­тын шара­ларды ойласты­ра оты­рып, ауылдық жерлер­ден кел­ген 600 бала мен жасөс­пі­рім­ді қамтуға дайын екенін жеткізді.

«Жобаның барлық қатысу­шылары қорытынды сауал­да­ма мен тестілеуден өтеді. Үз­дік көрсеткіштері бар оқушылар инвестиция­лық сауаттылықты одан әрі дамытуға мүмкіндік алады», дейді ол.

Сонымен қатар Жанарыс Тубекбаевтың жоспарында ауыл­дағы әлеуметтік осал топтары­на жататын адамдардың өз бос уақытын ұтымды пай­да­­лануға үйрету; отбасылық өмір­дің экономикалық моделін құру­ға дайындау; оларды алаяқ­тар мен құмар ойындардың әсерінен қорғау мәселелері де бар.

Айта кетейік, «Ауылда аза­мат­тық бастамаларды дамы­туға бағытталған іс-шаралар ке­ше­­нін ұйымдастыру» респуб­лика­лық жобасы Ақтөбе об­лы­сы­ның ҮЕҰ қауымдасты­ғы Аза­маттық бастамаларды қолдау орта­лығы мен Ақпа­рат және қоғам­дық даму министр­лігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

«Егемен-ақпарат»