• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Тамыз, 2021

Операторларының жалақысын екі есеге көтерді

291 рет
көрсетілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыру жұмыстарын жалғастыруда. Жұмысшыларды ынталандыру мақсатында 1 шілдеден бастап мемлекеттік корпорация 1414 бірыңғай байланыс орталығы бөлімдері операторларының жалақысы бойынша кесімді-сыйлықақылы төлем жүргізу қанатқақты жобасын іске қосты. Оған Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы call-орталық бөлімдерінен 106 оператор қатысып жатыр.

Жаңа жүйе бойынша қанат­қақты жобаға қатысушылар өз жұмыстарының сапасына бай­ланысты көбірек табыс табуға мүмкіндік алды. Бұл ретте бір күндік орташа көрсет­кіш­ті, яғни 90 қоңырау қабыл­даға­ны үшін ең төменгі жалақы мөл­шері белгі­ленген. Орта­ша көрсет­кіш­тен жоғары келесі әр­бір қоңырау үшін төлем қосылып отырады.

«Егер бұрын байланыс орта­лы­ғының операторлары 90 мың теңге жалақы алатын болса, жаңа жүйе бойынша олардың екі есе көп табыс табу мүмкіндігі бар. Жаңа жүйе бойынша ең жоғарғы жалақы мөлшері салық шегерімдерімен қоса алғанда 170 мың теңгені құрайды. Қанатқақты жобаның бірінші айының қорытындысы бойынша 106 оператордың 61-і ең жоға­ры деңгейге жетті, ал тағы 25 адам нормативін орындап, жоға­ры жалақы алды. Біз жаңа жүйе­нің алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз – «пилотқа» қаты­сатын операторлардың орташа еңбек өнімділігі 114%-ға өсті. Егер бұрын бір оператор күні­не 62 қоңырау қабылдаса, қазір –133 қоңырау. Қанатқақты жоба әлі де жалғасып жатыр», деді мем­лекеттік корпорацияның басқар­ма төрағасы Әділ Қожықов.

2021 жылғы 1 сәуірден бас­тап 1414 Бірыңғай байланыс орталығы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-нан «Аза­мат­тарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясының қара­мағына өтті. Қызмет­кер­лер­дің жүктемесін азайту үшін Пет­ропавл, Көкшетау, Қызыл­орда және Қостанай қалаларында бірың­ғай байланыс орталығының қо­сымша кеңселері ашылды. Опе­раторлардың жұмыс бары­сы­на онлайн-мониторинг жүр­гізіл­ді, дауыстық робот­тың жұ­мысы жаңартылды, омниканал­дық платформа енгізілді, опера­­тор­ларға қосымша оқыту жүргізілді.

Халыққа қызмет көрсету ор­талықтары және eGov.kz электронды порталы арқылы мем­лекет­тік қызметтерді алу мә­се­­лелері бойынша байланыс ор­­т­а­­лығына ай сайын 1,5 млн қ­оңы­рау келіп түседі. 1 шілдеден бас­тап 1414 байланыс орталығы әлеуметтік-еңбек саласы бо­йын­ша қоңыраулар қабылдай бастады. Бұрын осы мәселелер бойынша 1411 қысқа нөміріне хабарласу қажет болатын.

 

«Егемен-ақпарат»