• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2014

Сарабдал саясат сабақтастығы

457 рет
көрсетілді

Біз егемен еліміздің ілгері күнге іркілмей ілгерілеуінің куәсі болып отырмыз. Осындай болашағы зор елде туғанымызды мақтаныш санайтынымыз да рас. Шыны керек, тәуелсіз мемлекетіміздің тарихи қысқа мерзімде қол жеткізген табыстары әрбір қазақстандықтың ерен еңбегімен келіп жатқанын да түсінеміз. Дегенмен, «Мың қосшыдан бір басшы» дегендей, осындай асқаралы асуларды алуымызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған сарабдал саясатының сабақтыстығының арқасы екенін мойындауымыз керек. Бас-аяғы жиырма жылдан астам уақыттың ішінде елін әлемге мойындатқан Елбасы елдің болашақ дамуының сара жолын да ілгерілеу соқпақтарына салып келеді. Халықтың Елбасының жыл сайынғы Жолдауын асыға күтетіні де сондықтан. Себебі, бүгіні мен ертеңін сабақтастыра дамытудың дағдылы жоба-жос­парын халқының алдына жайып сала отырып, оның асқан жауапкершілігін де жете түсінетін Елбасының айтқан сөздерін ісімен бекітіп келе жатқаны халықтың жадында жатталып қалды десем, артық айтқандық болмас.

 

Біз егемен еліміздің ілгері күнге іркілмей ілгерілеуінің куәсі болып отырмыз. Осындай болашағы зор елде туғанымызды мақтаныш санайтынымыз да рас. Шыны керек, тәуелсіз мемлекетіміздің тарихи қысқа мерзімде қол жеткізген табыстары әрбір қазақстандықтың ерен еңбегімен келіп жатқанын да түсінеміз. Дегенмен, «Мың қосшыдан бір басшы» дегендей, осындай асқаралы асуларды алуымызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған сарабдал саясатының сабақтыстығының арқасы екенін мойындауымыз керек. Бас-аяғы жиырма жылдан астам уақыттың ішінде елін әлемге мойындатқан Елбасы елдің болашақ дамуының сара жолын да ілгерілеу соқпақтарына салып келеді. Халықтың Елбасының жыл сайынғы Жолдауын асыға күтетіні де сондықтан. Себебі, бүгіні мен ертеңін сабақтастыра дамытудың дағдылы жоба-жос­парын халқының алдына жайып сала отырып, оның асқан жауапкершілігін де жете түсінетін Елбасының айтқан сөздерін ісімен бекітіп келе жатқаны халықтың жадында жатталып қалды десем, артық айтқандық болмас.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауын теледидардан тыңдап, баспасөзден оқығаннан кейін бұған көзіміз анық жетті. Шыны керек, «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы ауқымды міндеттерді жүзеге асыру мүмкіндігі қалай болар екен деп қобалжығанымызды жасырудың реті жоқ. Бірақ, оны жүзеге асырудың алғашқы қадамдары болашаққа деген сенімімізді нығайта түсті. Елбасының биылғы Жолдауы осы үлкен де іргелі міндеттерді қалай орындаудың нақты бағыттарын айқындап берген бағдарламалық құжат болып табылады. Біз бұл Жолдаудан бүгінгі биігімізден аласармаудың алғышарттарын көріп отырмыз. Қарапайым халықтың өзі Елбасының жыл сайынғы Жолдауының өз өмірін, тұрмысын жақсартуға септігі тиетінін сезінетінін жасырудың реті жоқ. Бұл жолғы Жолдаудың да халықтың әл-ауқатын арттыруға, еліміздің дамуын қамтамасыз етуге бағытталғаны көрініп тұр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ­стан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі.

Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады» деп көр­сетіліпті. Мұның жай айтыла салған сөз емес екені қазірдің өзінде аңғарылуда. Жыл өткен са­йын ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққанда анағұрлым өсіп келе жатқанын өз басымыздан өткерудеміз. Әсіресе, өнеркәсібі қарқынды дамып отырған біздің өңірде нақты көрінуде. Сондай-ақ, алыс ауылдардағы тұрғындардың өнеркәсіпті қалалар маңына шоғырлануы да жыл сайын артып келеді. Қазір Ақтөбе қаласында өңірдегі халықтың 50 пайызға жуығы тұратыны соның нақты дәлелі. Аудан орталықтары мен ірі елді мекендерге қатынайтын жолдар да түзеле түсуде. Бұл біздің тұрмысымыздың жақсаруына анағұрлым ықпал етіп отыр.

Мен өз ісімді жүргізіп отырғандықтан, Елба­сының кәсіпкерлікті дамытуға байланысты байламдарына құлақ түріп жүремін. Біздің елде шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай туғызылып отыр. Бұл жолғы Жолдауда кәсіпкерлікке қатысты нақты ұсыныстар мен қолдаулар болатыны ашық айтылды. Бұл бізді жаңа табыстарға жігерлендіреді.

Жолдаудағы «Мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе, шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Таяудағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады», деген сөздің өзі болашағымыздың баяндылығын айқындап бергені шындық.

Сондай-ақ, Елбасы барша қазақстандықтарды еңбек етудің мол мүмкіндігі бар екеніне сендіре түседі. Жолдаудағы «Стратегия – күннен-күнге, жылдан-жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін», деген сөздердің өзі осының айқын дәлелі деп ойлаймын.

Жолдауда дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы, қамкөңіл жандардың жәрдемақысы өсетіні де айтылған. Мұны қашанда халқының қамын ойлаған Елбасының ұстанған саясатының басты бағыты деу орынды. Елдегі бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған бағдарламалық ойларының өзі біздің жарқын болашағымыздың баяндылығын көрсетсе керек. Жолдаудағы баяндалған жоспарлы жұмыстардың Елбасы Н.Назарбаевтың егемен еліміздің тізгінін ұста­ғаннан бергі сара саясатымен сабақтас өріле­тініне тағы куә болдық. Дамыған 30 елдің қата­рына енудің ізгі ізденістерін айқындап берген Жолдаудың құндылығы да осында. Елбасы бұл мақсатқа жету үшін әрбір қазақстандықтың бел­сенділігі қажеттілігін де жасырмайды. Шын­дығында, жұдырықтай біріксек алынбайтын қамал жоқ. Сондықтан биік межелерді алу жолында біз­дің әрқайсымыз елжандылықпен еңбек етіп, өмір сүруіміз қажет деп ойлаймын. Бұл Елбасы Жол­дауын қолдауымыз да болады, сондай-ақ, өз өмірі­мізді жақсартуға қосқан үлесіміз де болады.

Жұмабек КУКАНОВ,

«Әлия жолдары» ЖШС директоры.

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар