• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Тамыз, 2021

БҚО-да зейнеткердің 1,9 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды

577 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында ақтөбелік алаяқ 82 жастағы зейнеткердің 1,9 млн теңгесін жымқырып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, алаяқ әйел ұлымен бірге Ақтөбе облысында ұсталды.

Оқиға 23 тамыз күні Теректі ауданы, Ақжайық ауылында болды. 1939 жылғы зейнеткердің үйіне сыған әйел келіп, диагноз қойып беретінін айтқан. Сосын оған дуа түскенін, түрлі ауруға шалдыққанын жеткізіп, бұдан арылтатынын жеткізген. Содан кейін зейнеткерді сиқырлап, үйдегі барлық ақшаны көрсетуін сұраған. Ақыры емге зияны тимеуі үшін бұл жөнінде ешкімге тіс жармауы керектігін ескертіп, машинамен тайып тұрған. Автокөлік рулінде оның 23 жасар ұлы болған.

«Бұған күдіктенген зейнеткер әйелдің күйеуі ақшаны таяу маңдағы сауда нүктесіне барып тексерткен кезде жалған болып шыққан. Полицейлер алаяқтардың ізіне бейнебақылау арқылы түсті. Сол түні оларды департаменттің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Жымқырылған ақшаның бір бөлігі тәркіленді», деді ПД өкілдері.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабына (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.