Елорданың Достық үйі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған фотобайқау жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, фотобайқау Instagram әлеуметтік желісінде өтеді.
Сайысқа қатысу шарттары төмендегідей:
- авторлық сурет жариялау.
- #30letmiraisoglasiya #30letdrujby #ANK #MiridrujbaANK хэштэгтерін қою.
- @assembly_nur_sultan парақшасын белгілеу.
Үздік жұмыстар @assembly_nur_sultan парақшасына жүктеледі және ең көп лайк жинаған фотосуреттер жүлделі орындарға ие болады.
Байқаудың қорытындысы 28 тамыз күні жарияланады.
Айта кетейік, жалған немесе жабық аккаунттар байқауға қатыса алмайды.