• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Тамыз, 2021

Әзірбайжан әскерін Ауғанстаннан эвакуациялады

236 рет
көрсетілді

Кабулдағы Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежай аймағында түрік контингенті құрамында миссияны орындаған 120 адамнан тұратын әзірбайжандық әскери қызметшілер Ауғанстаннан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы бейсенбіде Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Хабарламада Әзірбайжан бітімгерлерінің, қару-жарақ пен әскери техниканың Анкараға жеткізілгені айтылған.

Әзірбайжанға әскери қызметшілерді қайтару жақын арада жоспарланып отыр.