• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 27 Тамыз, 2021

Игорь Рогов Президент жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия құрамына енгізілді

424 рет
көрсетілді

Игорь Рогов Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия құрамына енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы №1042 Жарлығына өзгерістер енгізілді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Игорь Рогов жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамына енгізілді.

Аталған комиссияның құрамынан Қ.С.Мусин шығарылды.