• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Тамыз, 2021

Қостанайда мектеп директоры қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

268 рет
көрсетілді

Мектеп директор мұғалімдерге төленуі тиіс ақшаның бір бөлігін өзіне аударған, деп жазады Egemen.kz.

Қостанайда мектеп директоры мұғалімдердің еңбекақысына бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталуда. Екінші қалалық сотта мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылдан 2020 жылға дейін М. мектеп педагогтері мен техникалық қызметкерлердің бос қызмет орны ставкаларын қол астындағыларға үлестіріп келген. Бірақ қосымша жұмыстың ақысын өзі алып отырған.

Математика пәні мұғалімінің айтуынша, директор оның жалақысының бір бөлігін алып отырған.