Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері жарылыс салдарын жою үшін кинологтар мен саперлерді тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Оқиға орнында саперлер мен иісшіл иттері бар кинологтар жұмыс істеп жүр. Өнеркәсіптік, сауда және тұрғын үй объектілері мұқият тексерілуде. Ауданға апаратын автожолдар әлі де жабық. Тек арнайы қызметтердің көліктері ғана кіре алады. Полицейлердің нақты және үйлесімді әрекеттерінің арқасында адамдарға уақтылы көмек көрсетілді, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ», деп хабарлады ТЖ департаментінің мамандары.