Пәкістанның Карачи қаласындағы химиялық зауытта болған өрттен кем дегенде 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «Анадолу» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Билік өкілдері кәсіпорын аумағында 20-ға жуық адам қалуы мүмкін деп хабарлайды.
Өрт ауыздықталып, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі нақтылану үстінде.