• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Тамыз, 2021

Жамбылда 3 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге жеткізілді

275 рет
көрсетілді

ҚР ІІМ баспасөз қызметі Жамбыл облысында жарылыс салдарын жою бойынша тәулік бойы қызмет ету және патрульдеу жұмыстары жалғасып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қауіпсіз орындарға 3000-ға жуық адам тасымалданды. Ауданға апаратын автожолдар жабық күйінде қалады, тек арнайы қызметтердің автокөліктері ғана кіре алады. Оқиға орнында арнайы жедел әрекет ету тобы, саперлер және іздеу иттері бар кинологтар жұмыс істейді. Өнеркәсіп, сауда және тұрғын үй нысандары тексерілуде», деп түсіндірді ведомствода.

Жағдай ҚР Ішкі істер министрлігінің бақылауында.