Токиодағы Паралимпиада ойындарында өзбекстандық Теміржан Дәулет пен Феруз Саидов арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі парадзюдошылардың ақтық сайысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жекпе-жек Саидовтың таза жеңісімен аяқталды. Ол «алтын» медаль жеңіп алса, Теміржанға «күміс» бұйырды.
Еске сала кетсек, финалға барар жолда Дәулет әзірбайжандық Рамит Гасимовты техникалық жағынан жеңді, содан кейін неміс спортшысы Николай Корнхасс пен Грузия өкілі Георгий Калданидан басым түсті.
Бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен үшінші медаль.