• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 28 Тамыз, 2021

Паралимпиада-2020: Раушан Қойшыбаева төртінші орынды иеленді

592 рет
көрсетілді

Бүгін пара пауэрлифтингтен 67 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасындағы бәсекеде Раушан Қойшыбаева бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Сегіз атлет өнер көрсеткен сында қазақстандық спортшы 106 килоны сәтті еңсерген. Алайда екінші мүмкіндігінде 112 кило зілтемірді ырқына көндіре алмады. Соңғы мүмкіндігінде дәл сол салмақты көтергенімен, бұл нәтиже жүлдегерлер қатарына қосылуға жетпеді.

Аталған салмақта қытайлық Тань Юйцзяо топ жарды. Күміс - мысарлық Фатма Омарға, ал қола - нигериялық Олайтан Ибраимға бұйырды.

Еске салсақ, 2016 жылғы Паралимпиадада отандасымыз бұл салмақта күміс медаль жеңіп алған. Сонымен қатар, Раушан 2018 жылы Джакартада өткен Пара Азия ойындарында да екінші орынға ие болған.