• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 29 Тамыз, 2021

Елімізде коронавирус вакцинасының 2-компонентін 5,3 млн адам салдырды

206 рет
көрсетілді

Қазақстанда коронавирус вакцинасының 2-компонентін 5,3 млн адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«2021 жылдың 29 тамызында Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 6 592 369 адам, 2-ші компонентін 5 317 112 адам салдырды», делінген хабарламада.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 861 883 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 723 452 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 734 409 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 574 891 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Алматы облысы – 665 800 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 540 629 адам екінші бөлігін қабылдаған.