• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Тамыз, 2021

Патриотизмнің символы

444 рет
көрсетілді

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы cіздерді мемлекеттік мереке – Қазақ­стан Респуб­лика­сының Конституциясы күні­мен құттықтайды!

Ата Заңымыз – Қазақстан халқының еркіндігінің және еліміздің ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қа­лып­тасқандығының көрінісі.

Биыл бұл мереке Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен астасып, ерекше символизм мен терең мағынаға ие болып отыр.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның алған асулары, мінсіз мемлекеттік құрылымы, ашық нарықтық экономикасы, бүкіл әлем мойындап отырған бейбітшіл саясаты –  біздің Конституцияның қол жет­кізген тарихи нәтижесі екені даусыз.

Конституция жалпыұлттық бірлікті, этностар арасындағы татулықты, дос­тық пен келісімді нығайту жөніндегі мемлекет пен қоғам жұмысының іргелі негіздерін айқындап, этностық қатыс­тылығына қарамастан азаматтар­дың құқықтарын бекітіп, тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ететінін атап өту маңызды.

Бұл постулаттардың барлығы елі­міз­дің қарышты дамуының негізіне айналды, барлық жоспарланған реформаларды бірлесе табысты жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Ардақты ағайын!

Біз Ата Заңымызда айтылған мемле­кет­­тіліктің қазақстандық негіздері мен азаматтық қағидаттарымызды қорғауға және табысты дамудың, бірлік пен келісімді нығайтудың кепілі ретінде оның нормаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге шақырамыз.

Конституция күні әрқашан патрио­тизмнің символы және Отанға деген сүйіспеншілігіміздің жарқын көрінісі болсын!

Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, ынтымақ және бақ-береке тілейміз!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы