• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Тамыз, 2021

Барлық өңірде Құран хатым оқылды

389 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өлі­міне әкеп соқтырған қай­ғылы оқиғаға байланыс­ты 29 тамызды Жалпы­ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай кеше еліміздің барлық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды. Бас мүф­ти бастамасы негізінде жү­зеге асқан игі іске еліміздің бар­лық өңіріндегі құл­шылық ор­да­лары бірыңғай үн қосып, жер­гілікті уақыт есебі­­мен сағат 10.00-де бір мезетте Құ­ран оқылып, қазаға ұшы­раған мар­құмдардың рухына бағыш­талды.Еліміздің бас мешіті – «Әзірет Сұлтанда» өткен сауап­ты шараға ҚМДБ төр­ағас­ының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар арнайы қатысып, Құран хатым дұғасын жасады. Қасиетті Құран аяттарынан болған сауапты марқұмдардың рухына бағыштап, жарылыстан зардап шеккен жамбылдық жер­лестерімізге сабыр мен шыдам, жеңілдік сұрап бата қайырды.Айта кетейік, бірнеше жан­ның өмірін жалмап, айна­ла­сын отқа ораған қайғылы оқи­­­ға орнына қазіргі уақыт­­та еліміздегі барлық өкіл­діктің ұйым­дастыруымен гумани­тар­лық көмек жеткізіліп жатыр.