• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Тамыз, 2021

Павлодарда төрт айлық сәбиді машина қағып кетті

218 рет
көрсетілді

Павлодарда төрт айлық сәбиді машина қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы өңірлік Денсаулық сақтау басқармасында хабарлады.

«Төрт айлық қыз баланың миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми зақымы келген. Бала облыстық ауруханаға жеткізілді», делінеді хабарламада.

Баламен бірге зардап шеккен 75 жасар әйелдің кеуде қуысы, жамбас сүйегі зақымданып, оң тізесінің гематомасы тіркелді. Ол амбулаторлық жағдайда ем алуда.